Мекен-жай  Телефон   
Достық даңғылы, 46   87751108282
  87751208282
  87272208282
   Жұмыс тәртібі
  Дүй-Сенбі    10:00-20:00
  Жексенбі  12:00-19:00
Іздеу
Filters

Матрас таңдауында нелерді ескеру қажет?

kupit-matras-v-almaty

Төмендегі бес маңызды өлшемді ескерсеңіз, ең оңтайлы матрасты таңдап алған боласыз. Қазақтың дәстүрлі тұрмысында матрас болмаған, қазақтар жапондықтар сияқты жерге төсек салып жатқан, бәлкім, содан болар, көптеген кісілер матрас сатып алуға жеткілікті дәрежеде маңыз бермейді. Алайда, бұл дұрыс емес, өйткені сіз матрастың үстінде өміріңіздің үштен бір бөлігін өткізетін боласыз. Сондықтан, матрас тұрып жатқан үйіңіз, мініп жүрген көлігіңіз дәрежесінде маңызды, қателесіп өзіңізге жарамсыз матрас таңдап алсаңыз, арқаңыз бен омыртқаныздың саулығына зиян келтіруіңіз ықтимал. Осындай өрескел қате жібермес үшін өз физиологияңызды, егерде дәрігерлердің нұсқаулары болса, соларды да ескергеніңіз жөн. Сонымен, жақсы жатып, жайлы тұру үшін, қандай ерекшеліктерге мән бере отырып матрас таңдау қажет екен?

Бірінші өлшем - Алушының жасы

Матрас сатып алу ниетімен келетін алушылардың басым көпшілігі, "маған қандай матрас керек екен?"деп,еш ойланбастан келеді. Ең қиыны, матрас үшін керекті қаттылық дәрежесін дұрыс таңдау, көпшілік бұның матрасты қолданушының жасына байланысты болғанын біле бермейді. Мысалы, сүйегі қатаймаған  балалар мен жасөспірімдер үшін матрастың қатты немесе орташа қатты болғаны дұрыс, қатты матрас балалардың салмағымен езілмей, олардың омыртқасын тік ұстайды және дене бітімінің дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді. Жасы ұлғайған қарт адамдарға, жұмсақ матрастарды таңдаған дұрыс, өйткені мұндай матрастар қарт адамдардың буындарына, қан тамырларына қысым көрсетпейді. Жас ұлғайған сайын, матрас биіктігінің де артқаны дұрыс, биік матрастан тұру қарт адамдарға жеңілдеу болады.

Ең дұрыс таңдау үшін, тек қана қолданушының жасын ескеру жеткіліксіз. Арықша келген адам мен оның толықша келген құрдасы, бір матрастың қаттылық дәрежесін әр-түрлі сезінетін болады, осыған орай, матрас қолданушысының салмағы мен бойын да ескеру қажеттілігі туындайды.

Екінші өлшем - Дене бітімі

Расында да, 50 кг мен 110 кг салмақты екі адам, бір матраста өздерін өзгеше сезінетіндігі сөзсіз. Сондықтан, салмағы ауыр адамға, салмақтары астында езілмейтін матрас тандау керек. Бірақ, бұл кеңес тек қана жалғыз ұйықтайтын адамдарға ғана жарайды. Екеуінің арасында үлкен салмақ айырмашылығы бар ерлі-зайыптыларға жарамсыз, өйткені, салмағы ауырға жарамды матрас, салмағы жеңілге тым қатты сезілуі мүмкін. Мұндай жағдайда,  бөлек қалташалар ішінде тәуелсіз серіппелер жүйесі негізінде жасалған матрастарды таңдаған жөн. Осы матрас түрінде, бүкіл серіппелер бір-бірінен тәуелсіз түрде әрекет етіп, ерлі-зайыпты жұптың салмақтарына қарай әрқайсысына бөлек бейімделеді, сөйтіп, ерлі-зайыптылар бір-біріне әсер етпей тыныш ұйықтайды. Оған қоса, аса ауыр салмақты адамдарға көлденең бес немесе жеті бөлек зонаға бөлінген матрастарды таңдау керек. Осындай матрас түрінде қапшық ішінде тәуелсіз серіппелердің бес түрі орналасқан, олардың әртүрлі болуының себебі, кісі денесінің 5 бөлек мүшелерін қолдау үшін жобаланғаны: басы, иықтары, арқасы, белі,сандары және аяқтары. Осы аталған 5 бөлек мүшелер үшін ұйқы барысында әртүрлі дәрежеде қолдау көрсетіледі. Осындай матрастың да бірнеше түрлері бар, әр жұптың талғамына және қалтасына сай үлгісін табуға болады.

Үшінші өлшем - Доктордың нұсқауы

Егерде, сіз остеохрондроз, сколиоз ауруларына шалдыққан болсаңыз, спортқа байланысты немесе басқа себепті омыртқа жарақаттарыңыз болса, мұны міндетті түрде ескеру керек. Осындай жағдайда ем алып жатқан дәрігеріңіздің кеңестерін алған жөн болар. Дәрігердің кеңестеріне жүгіне отырып таңдалған матрас омыртқа ауруларын тез арада жазылуына үлесін қосады немесе асқынудыңалдын алады.

Лайфхак 

Мамандар таңдаған матрасыңыз үстінде кем дегенде 10, ал ең жақсысы 30 минутқа дейін жатып көргенді кеңес етеді.

 

Төртінші өлшем - Ұйқы барысындағы сүйікті жату қалпы

Шалқасынан жатып ұйықтауды жақсы көретіндерге, омыртқаның төменгі жағынан керекті дәрежеде қолдау көрсету маңызды, сондықтан, осыларға тым қатты матрас таңдамаған дұрыс, әйтпесе белдеріне тым артық қысым түседі. Ең жақсы таңдау - орташа қатты матрастар.

Бүйірінен жатып ұйықтауды жақсы көретіндерге жұмсақтау матрас қажетті, осындай матрас сандарға және иықтарға түсетін қысымды азайтып, дененің көлденең тік жатуына көмектеседі.

Етпетінен жатып ұйықтайтындарға, тығыздау, езіліп кетпейтін қатты матрас қажетті. Алайда, белі ауырып жүрген адамдар да кейде етпетінен жатып жүреді, бәлкім, дұрыс матрасты таңдаудың арқасында, бел ауруы жазылып, ұйқы қалпының да өзгеруі мүмкін. Соңдықтан, матрас таңдау барысында, матрас үстінде бүкіл жату қалыптарында жатып көріңіз.

Лайфхак 
Матрасты таңдау барысында, матрасқа жатып, сатушыдан сізді фотоға түсіріп алуыңызды өтініңіз. Кейін, бірнеше фотоға сырт көзбен қарап, арқаңыздың түзу немесе қисық жатқанына қарап бағалаңыз.

Бесінші өлшем - Бағасы

Соңғы және ең маңызды өлшемдердің бірі - жаңа матрасты сатып алу үшін қаншалықты қаражатпен қош айтысуға дайын екендігіңіз. Матрастардың арасында өте қымбат, қымбат, орташа және арзандары бар. Ең арзандары және ең сапасыздары, көбінесе жартылай кәсіби түрде қолдан жасалған өнімдер. Бұл жағдайда беретін кеңесіміз, кәсіби жиһаз шығару фабрикасынан шыққан Еуропа елдерінің өнімдерін таңдау.

Лайфхак 
Матрас сатып алу үшін, жұмыстан шыққан соң, кешкісін бармаңыз, ең дұрысы сенбі немесе жексенбі күнінің таңында бару. Өйткені, қатты шаршап келген адамға кез-келген матрас ыңғайлы болып сезіледі.

 

Жоғарыда атап өткен өлшемдердің кез-келгені матрас таңдауда, сіз үшін ең маңызды болуы мүмкін. Асықпай, ойланып таңдаңыз, өйткені бұл матрасты бір күн емес, ұзақ жылдар бойы қолданасыз.

 

ПІКІРІҢІЗДІ ҚАЛДЫРУ
Блог мұрағаты